Шетел инвесторымен навигациялық жүйелер туралы келісімнің талаптары қайта қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында 4,5 млрд теңге мемлекеттік субсидия не себепті игерілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

«2022 жылдың қорытындысы бойынша 4,5 млрд теңге (субсидия) игерілмеді. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Valmont навигациялық жүйелерін сатып алуын қаржыландыруға және инфрақұрылымды дайындауға арналған еді», - деді Е. Қарашөкеев Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау кезінде.

Бұл тұрғыда қаражаттың игерілмеуі себебін түсіндірді.

«Бұл бағдарламаны Valmont компаниясымен арада жасалған келісім аясында іске асыру жоспарланған еді. Дегенмен, келісімді жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар жағынан сұрақтар болды. Яғни осы келісім бойынша жүктелген міндеттемелердің талаптары мен деңгейіне қатысты тексерілді. Былтыр және биыл келіссөздерді жалғастырып жатырмыз. Бұл процеске біраз уақыт керек. Атап айтқанда, келісімшарттың тиісті талаптарын қайта қарап жатырмыз, шетел инвесторымен келіссөзді жалғастырамыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар