16:28, 17 Маусым 2024 | GMT +5
Шетелде қазақстандық әйел жоғалды: Туыстары Германияға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Германияда жоғалған Қазақстан азаматының туыстары Германияға жеткенін мәлім етті.

«Жоғалған азаматшамыздың шешесі мен ағасы Германияда, виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірше бар ресми ақпарат осы», - деді министрлік өкілі.
Айбек Смадияров дипломаттардың өзге елдегі тергеу жұмыстарына килігуге хақылары жоқ екенін еске салды.
Германия полициясы хабар-ошарсыз кеткен Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздеуге кіріскенін жазған едік.