Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады — СІМ

АСТАНА.KAZINFORM —  54 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12740 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 88,6% келуін қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР СІМ мәлім етті.

Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады
Фото: Берік Табынбаев / Kazinform

Евске сала кетейік, ең алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастаған болатын.

Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын болды.

Артынша Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады.