12:01, 05 Сәуір 2021 | GMT +5
Шетелден ПТР анықтамасы жоқ 22 қазақстандық келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан аумағына 39 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
5 101 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 079 адам, анықтамасыз 22 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 030 жолаушы, анықтамамен - 3 013, анықтамасыз - 17;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1115 жолаушы, анықтамамен - 1112, анықтамасыз - 3;
Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 136, анықтамасыз - 2.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 3 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 9 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.