10:32, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Шетелдік азамат рәсімделмеген ақшамен қолға түсті
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Лондон-Орал-Лондон» бағытында қатынайтын халықаралық әуе рейсі жолаушыларын кедендік бақылаудан өткізу барысында шетелдік азаматтан рәсімделмеген ақша табылды.
Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, «Паркинг Дрилинг» компаниясы филиалының инженер-механигі, Чехияда тұратын П. деген Канада азаматының қолсөмкесінен рәсімделмеген 5800 АҚШ доллары, 2030 еуро, 440 фунт стерлинг, 3500 чехиялық крона шыққан. Сондай-ақ бұл азамат шалбарының ішіне 10 мың АҚШ долларын жасырып алып өтпек болғандығы анықталды.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-сінің 209-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.