Шетелдік компаниялар қазақстандық жұмысшыларды кемсітуін қояр емес ? Бас прокуратураның ресми өкілі

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шетелдік компаниялар қазақстандық жұмысшыларды кемсітуін қояр емес. Прокуратура тексерулері барысында анықталған фактілер осыны көрсетіп отыр. Бұл мәселелердің жайымен бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатқан қазақстандық жұмысшыларды кемсіту әрекеттері көбіне олардың жалақыларын өзгелерден аз беру, шетелдік кадрларды жұмысқа қабылдау барысында тиісті талаптарды орындамау, мемлекеттік органдарды лауазымды қызметтердің босағандығынан уақытында хабардар етпеу сияқты фактілер түрінде көрініс тауып отыр. Жұмысшыларымызды өрескел кемсіту әрекеттері «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясында орын алды. Онда қазақстандық 16 жұмысшының жалақысы өзгелерден әлдеқайда төмен бағамен берілген. Мысалы жоспарлау және есептеу секциясының жетекшісі Молинардо Адрианоның 2007 жылғы табысы 18 миллионнан астам теңгеге бағаланса, тап осындай қызметтегі Қазақстан азаматының жылдық кірісі 7 миллион теңгені құраған. Осы компанияға инженер-механик ретінде жұмысқа қабылданған Нико Дю атты шетел азаматы инженер-механиктің қызметін атқарып келген. Ал Бас механик қызметкері ретінде алынған Лука Кристиан желімдеу жұмыстарымен байланысты міндеттерді орындап келген. Бұл кемшіліктердің барлығын жою туралы прокурорлар тарапынан ұсыныс жасалды», дейді ресми өкіл. Оның мәліметтеріне қарағанда, осы тектес жайттар «Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед», «Кис-Орион», «Денхолм-Жолдас», «СНПС Ай Дан Мұнай», «Петро Қазақстан Құмкөл Мұнай Ресорсиз», «Торғай Петролеум» сияқты өзге де бірқатар компанияларда орын алған.
Соңғы жаңалықтар