Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шетелдік мұнайшылар Аралда болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Халықаралық ?Мотт Макдоналд? компаниясының мамандары Арал өңірінде болып қайтты.

Шетелдік мұнайшылар Аралда болды
Олар ?Кеңқияқ-Құмкөл? мұнай құбырының аудан көлеміндегі жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шетелдік қонақтар алдымен ?Қазақстан-Қытай мұнай құбыры? ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс барысымен таныысып шықты. Халықаралық жобаның біздің еліміз үшін де маңызы зор. Қазіргі күні бұл жобаға әлемдік институттар назар аударып отыр. Аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға жергілікті тұрғындар көптеп тартылған. Шетелдіктер жергілікті басшылықпен кездесуде маңызды жобаның мән-маңызына кеңірек тоқталды.