Шетелдіктер Алматы әуежайында такси жүргізушілері адамның мазасын алатындығына шағымдануда

«Қазақстанға ұшып келетін әрбір екінші шетелдік таксистердің адамның мазасын алу кері әсер тудыратынын алға тартуда. Осыған байланысты бұл үдерісті өркениетті арнаға келтіру үшін әуежай басшылығымен, Алматы Ішкі істер департаментімен бірлесе қандай да бір кешенді шешім қабылдануы тиіс»,- деді ол.
Сонымен қатар әкімдіктегілер әуежайдан тікелей шығатын шаттл-бастардың жоқтығын атап өтті.
«Кез келген шетелдік турист автобустардың бірнеше тұрағы болады деп пайымдайды, яғни олар бұл автобустар арқылы бірнеше бағдарды таңдау мүмкіндігіне ие болғысы келеді. Бұл тұрғыда күрделі жұмыстарды атқару қажетілік етеді, яғни қонақ үйлерге жүретін осы бағдарларды қарастыру шаралары қамтылуы керек. Осы жұмыстардың барлығын мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде іске асырып, біздің бес жұлдызды қонақ үйлер мен нарықтағы барлық қатысушыларды тарту керек»,-деді ол.
Осы орайда Алматы әуежайы еліміздегі негізгілердің бірі екенін, Қазақстанға сапарлайтын әрбір бесінші турист бірінші кезекте Алматыға ұшып келетінін атап өтті.