Шетелдік БАҚ өкілдеріне Қазақстанның туристік орындары таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елордада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның туристік орындары туралы айтып берді.

Туризм
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінен ақпарат таратуға келген Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, АҚШ, Чехия және Сербия журналистері қатысты.

Шетелдік БАҚ
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Кездесу барысында Ержан Еркінбаев журналистерге Қазақстандағы туризмнің дамуы, маркетинг саласында жүргізіліп жатқан саясат, туристік инфрақұрылымның дамуы және елдің визалық режимі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейту және Еуропа мен Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстер санын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Турзим
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Журналистер туристік ағынды дамытуға, инфрақұрылымға және «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын» өткізу жөніндегі бастамаларға қызығушылық танытты. Әңгіме барысында Қазақстанда туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Жиынға қатысушылар Қазақстанның туристік әлеуеті, туристер мен саяхатшылардың мүдделері, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдер арасындағы туристік ағымды одан әрі ұлғайту перспективалары туралы өз пікірлерін ортаға салды.