Шетелдік валютаны қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 453,00 теңгеден сатып алынады, 460,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 525,00 теңге, сату — 535,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,27 теңге;
— юань 68,55 теңгеден сатып алынады, 72,51 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 455,58 теңге, сату — 457,76 теңге;
— еуро: сатып алу — 528,19 теңге, сату — 532,81 теңге;
— рубль 5,15 — 5,27 теңге аралығында саудаланады.
— юань 68,32 — 70,66 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 456,56 теңге болды.