Шетелдіктерді Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға заңсыз өткізумен айналысқан топ құрықталды

2023 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды және пара берді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы мен шетелдікті ұстады.

ұлттық қауіпсіздік комитеті
Фото: ҚР ҰҚК

Тергеу болжамы бойынша, олар заңсыз мигранттарды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне өткізуді жоспарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ұқк
Фото: ҚР ҰҚК

Тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттердің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөртабан таңбалары анықталды.

қауіпсіздік
Фото: ҚР ҰҚК

Материалдар Қылмыстық кодекстің 367 және 394-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

мигрант
Фото: ҚР ҰҚК
мигрант
Фото: ҚР ҰҚК

 

Соңғы жаңалықтар