Шетпе стансасындағы оқиғаларға қатысты сот отырысы куәгерлерден жауап алумен жалғасты
АҚТАУ. 2 мамыр. ҚазАқпарат. - Шетпе стансасында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы процессуалдық заңнама талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот залында процеске қатысушылармен қатар сотталушылардың туыстары, халықаралық және республикалық бақылаушылар болды. Сот отырысы қорғаушы тараптың өтінішімен куәгерлерді сұраумен одан әрі жалғасты. Жалпы алғанда 7 куәгер сұралды.
Келесі сот отырысы ертеңге сағат 10.00-ге тағайындалды.