07:53, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Шетпе стасасындағы тәртіпсіздіктерге қатысты сот отырысында қосымша куәгерлерден жауап алынды
АҚТАУ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Шетпе стансасында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы қорғаушы тараптың өтінішімен қосымша куәгерлерден жауап алуымен одан әрі жалғасты,

деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот отырысында 2 куәгерден жауап алынды. Сот отырысы қылмыстық іс материалдарын зерттеумен одан әрі жалғасты.
Сот залында 2011 жылғы Шетпе стансасында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында түсірілген бейнежазбалар көрсетілді.
Келесі сот отырысы 10 мамырға сағат 10.00-ге тағайындалды.