Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі рет қар көшкіні жүрді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бүгін екі мәрте қар көшкіні жүрді. 

ШҚО
Фото: «Қазселденқорғау» ММ

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін Ұлан ауданының аумағында жүрді.

- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолының 101-ші шақырымында өздігінен қар көшкіні жүрді. Түскен қардың жалпы көлемі — 550 текше метр. Қар жолды толығымен жауып қалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүргені хабарланған. 

Сондай-ақ өңірде қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар