Шығыс Қазақстанда күн жылынғандықтан дала өрті күрт көбейді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі күнде 150-ге жуық дала өрті тіркелді.

Шығыс Қазақстанда күн жылынғандықтан дала өрті күрт көбейді
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша дала өрті күрт көбейген.

— Тек демалыс күндері 150-ге жуық өрт болды. Тілсіз жау көбінесе ашық жерлерде және саяжайлар маңында шыққан. Өрттің шығу себебі — отты абайсыз қолданудан, — делінген ақпаратта.

Күн жылынғалы бері халық табиғат аясында, саяжайларда демалысқа барып, далада от жағып жатыр. Сол кезде басым бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

— Тұрғындарға ашық от жаққанда өте сақ болу қажеттігін ескертеміз. Желді ауа райында үйлердің маңында от жағуға, құрғақ шөп пен қамысты өртеуге болмайды. Көлікпен келе жатқанда жол бойына сөндірілмеген темекі тұқылын, әйнек ыдыстарды лақтырмаңыз, — дейді құтқарушылар. 

Еске салсақ, осыған дейін Орал қаласында емханада өрт шыққаны жайлы хабарланған

Соңғы жаңалықтар