Шығыс Қазақстанда ішімдіктен бас тартқан ауыл саны 22-ге жетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында 22 ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты. 

ішімдіктен бас тартқан
Фото: Kazinform

Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» республикалық бастамасына қосылу туралы шешім қабылдады. Аталған шешім елді мекен тұрғындарының жалпы жиналысында бірауыздан қабылданды.

— Бұл — ауданда ресми түрде тіркелген үшінші «салауатты ауыл». Осы бастама құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта Қуаныш ауылында 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады. Қабылданған шешім жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптасуына ықпал етпек, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен. 

Осылайша, Қуаныш ауылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ресми түрде ішімдіктен бас тартқан 22-ші елді мекен болып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда ішімдік ішкен әкесі үш жасар қызын өлтіріп қойғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар