Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 38 келі есірткі тәркіленді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылдың басынан бері 10 есірткі лабораториясы жойылды.

ҰҚК Ақмола облысында есірткі арнасының жолын кесті
Фото: ҚР ҰҚК

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл облыс бойынша есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде есірткіге қатысты 50 қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35-і сату, 2-уі аса ірі көлемде сақтау, 13-і құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі. 

- Сондай-ақ 10 лаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі, оның ішінде 37 келі марихуана, 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген, - делінген ақпаратта. 

Ведомство дерегінше, есірткі қылмысының алдын алу үшін100-ден астам профилактикалық шара - дәрістер, дөңгелек үстелдер, акциялар мен спорттық кездесулер өткізілген.

Еске салсақ, осыған дейін Ақмола облысында полицейлер 5 адамды жанып жатқан өрт ішінен алып шыққаны жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар