Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы өзенде мұз жарылды. 

Шығыс Қазақстандағы Үбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясындағы мұз жару жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылды.

— Жарылыстар барысында жалпы ауданы 10200 шаршы метр мұз ұсақталды. Бұл жұмыстар мұз кептелуін болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Мұзды ұсақтау өзен арнасы тарылатын немесе күрт өзгеретін жерлерде, мұз көпір тіректеріне зақым келтірмес үшін жүргізілді, — делінген ақпаратта.

Мұздағы жарылыс жұмыстарының нәтижесінде елді мекендер үшін су тасқыны қаупі барынша азайтылады.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатқаны жайлы хабарланған