Шығыста қар, батыста жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 11–13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Шығыста қар, батыста жаңбыр: 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай
Фото: Pexels

— Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, — делінген хабарламада.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады.

11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады.

10 сәуірде еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанатыны хабарланды.