13:59, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шикізат өңдейтін жабдық іске қосылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Көп салалы құрылысқа қажетті материалдарды дайындаумен айналысатын жергілікті "АНК-Дәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Грохот" құрылғысын іске қосты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құны 50 млн. теңгені құрайтын жаңа жабдық кеніштен алынған шикізатты түрлі технология арқылы сапалы өңдеулерден өткізіп, тапсырыстарды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Серіктестік "Жосалы-2" кенішіндегі құрамында кварцы бар табиғи құм мен гравий қоспасын өндіруге маманданған.