Экспортталып жатқан алтынның бәрін өзімізде өңдеуге болады - вице-министр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық кәсіпорынның ілкі жобасы елден шикізат ретінде экспортталып жатқан алтынның бәрін ел ішінде өңдеуге мүмкіндік беретін технологияны өндіріске қоспақшы. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті.

- Solidcore Resources компаниясының автоклав өндіріс жобасы құрамында мышьяк мөлшері жоғары, қиын байытылатын алтын бар кендерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба қазір экспортталып жатқан барлық шикізатты елімізде өңдеуге жол ашады. Инвестиция көлемі шамамен 300 млн доллар, ал жоба қуаты – жылына 15 тонна алтын, - деді вице-министр.
Айта кету керек, елімізде алтын қымбаттап, бір грамының бағасы шамамен 56 527 теңгеге жетті.
Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жететіні белгілі болды.
Таяуда World Gold Council ұйымы, яғни Дүниежүзілік алтын кеңесі кейінгі айда Қазақстанның алтын қоры 7,4 тоннаға артқанын мәлімдеді.