19:25, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Шілде айында Еуроодақтағы жұмыссыздық деңгейі 9,5%-ға жетті
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың шілде айында Еуроодақ елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі маусымдық ауытқушылықтарды есепке алғанда 9,5% құрады. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған ЕО-ның «Еуростат» статистика қызметінің мәліметтерінен белгілі болды.

«Еуростат» мәліметтері бойынша, шілдеде 23,067 млн. адам жұмыссыздар қатарында болған, соның 4,6 миллионы - 25 жасқа дейінгі жастар.
Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Грекияда тіркелген - 25%, Испанияда - 22,2%, Хорватияда - 15,1%, Кипрде - 16,3%.
Ең төмен көрсеткіш Германияда - 4,7%, Чехия мен Мальтада - 5,1%.