Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шілдеде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына 6112 өтініш түсті

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына 6112 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында партияның орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

Шілдеде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына 6112 өтініш түсті

Оның атап өтуінше, шілде айында мемлекеттік органдарға азаматтардың 1803 өтініші жолданып, оның 1162-сі, яғни 65 пайызы қаралды. Назарға алынған өтініштердің 662-сі немесе 57 пайызы бойынша оң шешім қабылданды.

Жалпы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, азаматтардың партияға жүгінуі біршама төмендеп отыр. Нақты айтқанда, лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекеттеріне шағымдану 3,9 пайызға, тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемалары бойынша арыздану 2,6 пайызға кеміді. Дегенмен, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өтініштер 2,2, ал жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты өтініштер 1,5 пайызға артты.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі шілдеде барлық деңгейдегі депутаттардың қатысуымен азаматтарды қабылдауды жалғастырды. Олар осы ай ішінде 694 қабылдау өткізіп, 2099 азаматтың өтінішіне құлақ асты. Бұдан бөлек 92 көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 579 азаматтың мұң-мұқтажы тыңдалды.