Шілдеде Павлодар облысындағы инфляция 100,2 пайызды құрады

ПАВЛОДАР. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тұтынушы бағалардың индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) шілде айында 100,2 пайызды құрады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ақылы қызмет көрсетулерге бағалардың 0,4 пайызға өскені атап өтілді. Бұл топта трамвайдағы жол жүру ақысы 25 пайызға өссе, жолаушылардың алыс қашықтыққа теміржол көлігімен жүру бағасы үш пайызға көтерілді.

Гигиена тауарлары - жуу және тазалау заттарының бағасы 2,7 пайызға өсті.

Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3 пайызға көтерілді. Алкогольдік өнімдер 0,5 пайызға өссе, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, картоп және пияз бағалары 5,5-6,7 пайызға ұлғайды.

Жарма бағалары орташа есеппен алғанда 8,4 пайызға төмендеді, қияр 20,1 пайызға, қызанақ - 19,7 пайызға, жұмыртқа - 5,2 пайызға, күнбағыс майы - екі пайызға арзандады.

Мұнай өнімдері бағаларының төмендеуі де атап өтіледі - дизельдік отын 5 пайызға, бензин - 2,9 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар