Шілдеде Ұлттық банктің халықаралық резервтері 7,2 пайызға ұлғайды
АЛМАТЫ.Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Шілде айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 1,3 миллиард АҚШ долларына немесе 7,2 пайызға ұлғайып 19,9 миллиард теңгені құрады.
Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Г.Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таза валюта қорлары (ЕАВ) шілдеде 8,6 пайызға немесе 1,4 миллиард АҚШ долларына өскен. Алтындағы активтер олардың әлемдік нарықтардағы бағасының 0,5 пайызға төмендеуі мен жүргізілген операциялар нәтижесінде 2,6 пайызға немесе 57,2 миллион АҚШ долларына төмендеген. Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда бір айда 0,7 пайызға өсіп, 42,5 миллиард АҚШ долларын құраған. Ал Ұлттық қордың ұлттық валютадағы активтері 600 миллиард теңге болып отыр.