18:17, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Шілденің 13-і - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің күні
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - 1992 жылғы шілденің 13-інде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Осы күннен бастап тарих бедеріне ҰҚК-нің шежіресі жазыла бастады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, түрлі департаменттер, аймақтардағы,өңірлердегі, республика астанасындағы республикалық маңызы бар құрылымға бағынышты қалалық аудандық бөлімшелер, әскери барлау,ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, шекара қызметі, арнайы құрылым, ғылыми- іздестіру мекемелері, басқа да ұйымдар енеді.
Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы, ҚР-ы ҰҚК-нің Әскери институты түрлі мамандарды даярлайды. Академия түлектері міндетті түрде шетел тілін игерумен қатар заңгер, жедел қызмет және басқа да аса қажетті мамандықтарды алып шығады.