Шымбұлақта қысқы маусым 7 желтоқсан күні ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 7 желтоқсан күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортында ресми түрде қысқы маусым ашылады. Ал 23 қараша курорттың техникалық ашылуы болады.

Шымбулак канатная дорога Шымбұлақ аспалы  жол
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Бұл маусымда Шымбұлақ қонақтарға арнап түрлі жаңашылдықтар дайындады, олардың арасында- жаңа трассалар, жаңа демалыс зоналары, күшейтілген қауіпсіздік шаралары және әлемдік деңгейдегі шаралар бар, — деп хабарлады курорт әкімшілігі.

Сондай-ақ Шымбұлақ баспасөз қызметі қысқы маусымда жоспарланған спорттық шаралардың кестесін жариялады:

  • 7 желтоқсан — мерекелік бағдарламамен маусымның ресми ашылуы.
  • 4-11 қаңтар — Шымбұлақта алғаш рет Шаңғы спортының Халықаралық федерациясы (FIS) ұйымдастыратын юниорлар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бүкіл әлемнен келген жас спортшылар «могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша өз қабілеттерін көрсетеді.
  • 26 ақпан-2 наурыз — FIS фристайл бойынша Әлем кубогының кезеңі өтеді.
  • 13-18 наурыз — Shymbulak Freeride WeekQualifier — фрирайд бойынша әлемдік сайыстар сериясының бір бөлігі болады. Бұл турнирге әлемнің тәжірибелі райдерлері қатысады, олар екі және үш жұлдыз санаттары бойынша сынға түседі.

Еске салайық, бұған дейін 2 қараша күні «Медеу» мұз айдыны ашылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар