Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қаласының әкімдігі сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің құзырлы органдар тарапынан ұсталғанын растады.

акимат Шымкента
Фото: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған мәселе Әбдешовтің Шымкенттегі қазіргі қызметіне емес, бұған дейін атқарған жұмысына байланысты болған.

— Әлеуметтік желіде тарап жатқан сондай ақпараттың бар екенін растаймыз. Бұл ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі, Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейінгі орындаған жұмыстарына қатысты екенін мәлімдейміз. Құзырлы органдар тарапынан ол кісінің бұрыңғы атқарған қызметіне қатысты сауалдар туындағаны, соған қатысты мәселе туындағаны рас, — деді Сәрсен Құранбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар