Шымкент әкімдігінің тұрғын үй басқармасына жаңа басшы келді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Енді бұл қызметті Нұрбол Әбдірахманұлы Жүнісбеков атқаратын болады.

Шымкент әкімдігінің тұрғын үй басқармасына жаңа басшы келді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы лауазымына Нұрбол Әбдірахманұлы Жүнісбеков тағайындалды.

Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, құқықтану.

Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастады.

2012-2018 жылдары Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығының сектор басшысы, инженер-жерге орналастырушысы, Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 

2023-2025 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды. 

13.01.2025 — 28.02.2025 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымында қызмет етті.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» жаңа директоры тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар