Шымкент, Атырау мен Ақтөбе тұрғындары терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
АСТАНА. KAZINFORM - Шымкент қалалық соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды.
Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сонымен бірге, фигуранттар жалпы қылмыстары мен террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.
Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.
Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасуда.
Осыған дейін Астана және 3 облыста терроризмді насихаттаған 4 азамат ұсталғаны туралы хабарладық.