Шымкент қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Ғалымжанұлы Ысқақов тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Куаныш Искаков
Фото: Шымкент әкімдігі

Қуаныш Ғалымжанұлы 1984 жылы 31 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. Қаржы және несие, құқықтану, педагогика және психология мамандықтары бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2006-2021 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2021-2024 жылдары Түркістан облысы Кентау қаласы әкімінің орынбасары, 2024-2025 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2025 жылдың 4- қыркүйегінен бүгінге дейін Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Осыған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар