Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына Азамат Бұхарбайұлы Парманов тағайындалды.

Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Азамат Бұхарбайұлы 1991 жылғы 29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында туған, білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық Заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – есеп және аудит, құқықтану.

Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.

2014-2016 жж Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласында мемлекеттік кірістер басқармасында жауапты қызметтер атқарды.

2016-2017 жж – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы.

2017-2018 жж – Шымкент қалалық әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы.

2018-2020 жж – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2020-2025 жж – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары.

2025 жылдың 1 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Айта кетейік, Жайық Шарабасов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар