Шымкент тұрғыны марихуана шегіп алып көлік тізгіндеген

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Масаң күйдегі ер адамның басқаруындағы Kia Rio автокөлігін патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқауы бойынша тоқтатты.

Көлік есірткі
Фото: Видеодан алынған кадр

«Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, көлік жүргізуін жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен», — деп жазады ІІМ.

Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады.

Заң бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар