Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті. 

Руслан Берденов
Фото: Руслан Берденовтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелген. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство ақпаратында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Берденовтің ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар