Шымкентте басқарма басшысы 1 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Kazinform.

Пара
Фото: Kazinform

Антикордың мәліметінше, ол өзінің қарамағындағы жұмысшыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ведомство ақпаратында.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Соңғы жаңалықтар