Шымкентте газ үшін артық есептелген 80,9 млн теңге тұтынушыларға қайтарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті QAZAQGAZ AIMAQ-тың өңірлік өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді. 

Шымкентте газ үшін артық есептелген 80,9 млн теңге тұтынушыларға қайтарылады
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның өңірлік өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеп-тексеру барысында филиалдың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану салдарынан 1755 тұтынушының заңды құқықтарын бұзғаны анықталды, яғни Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының талаптары бұзылған.

— Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша департамент кодекстің 226-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуды тоқтату және олардың салдарын жою туралы нұсқама шығарды.

Бастапқы жағдайды қалпына келтіру мақсатында 1755 тұтынушының пайдасына 80,9 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілмек, — делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіні хабарламасында. 

Айта кетелік «Қазақтелеком» Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізіп жатқан тергеуге қатысты пікір білдірген еді

Соңғы жаңалықтар