Шымкентте көшедегі жаппай төбелес кезінде пышақталған науқастың жағдайы ауыр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте 20 қаңтар күні жол ортасында болған жаппай төбелес кезінде бір адам қайтыс болды. Оқиғаға қатысқан бір науқастың жағдайы ауыр.

дети больница
Фото: Қарағанды ​​облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

– Науқаста сол жақ кеуде қуысының енетін пышақ-кесілген жарақаты анықталып, шұғыл түрде операциялық ем жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, – деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Талғат Шауенов.

Еске салсақ, кеше Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Аталған қылмысқа қатысы бар төрт күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Оқиға бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум