Шымкентте Құрбан айт мерекесіне орай мал союға арналған ресми орындар белгіленді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – 6–8 маусым аралығында қалада ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай төрт мал сою пункті жұмыс істейді. 

Шымкентте Құрбан айт мерекесіне орай мал союға арналған ресми орындар белгіленді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Шымкент қаласы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы адам мен жануарға ортақ аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау үшін ұсыныстар берді.

Ветеринариялық инспекторлар халықты қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төмендегі ветеринариялық-санитариялық ережелер мен талаптарды қатаң сақтау қажет екенін атап өтті.

– Құрбандыққа шалынатын жануарды сәйкестендіру, яғни құлақ жапсырмасының (бирка) болуы және оның тіркелуі;

– Тірі жануарларға арналған № 1 нысандағы ветеринариялық анықтаманың болуы;

– Құрбандыққа шалынатын жануарларды сою тек арнайы белгіленген сою бекеттерінде (алаңдарда) жүргізілуі тиіс;

– Сойылған жануар етін (балалар үйлеріне, балабақшаларға, ауруханаларға, мешіттерге және т.б.) тарату кезінде № 2 нысандағы ветеринариялық анықтаманың болуы және тасымалдау кезінде температуралық режимнің сақталуы міндетті.

Биыл Шымкент қаласында ветеринариялық және санитариялық талаптарға сай келетін төрт арнайы орын белгіленді.

1. «Замин» ЖШС (Қаратау ауданы, «Сайрам» тұрғын алабы, А. Темур көшесі, н/ж);

2. «Халал Қассаб» ЖШС (Қаратау ауданы, «Бозарық» тұрғын алабы, 3, № 1989 телім);

3. «Бәйтерек Агро» ЖШС (Қаратау ауданы, «Сайрам» тұрғын алабы, Махмұт ата көшесі, № 72 телім);

4. «Қазығұрт-БРБ» ӘКК (Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, Өндірістік, 31/1).

– Құрметті тұрғындар! Жоғарыда аталған ветеринариялық-санитариялық ережелер мен талаптарды қатаң сақтауларыңызды, қаланың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етулеріңізді, өз денсаулығыңыздың қауіпсіздігін сақтап, барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауларыңызды сұраймыз. Ниеттеріңіз қабыл болсын, - делінген мамандар ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте полиция қызметкері мопед жүргізушісіне тас лақтырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар