Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қызға азғындық жасады — полиция жауабы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте оқушы қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен мектеп мұғалімі қамауға алынды.

ер адам, мұғалім
Фото: Pexel

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мектеп мұғалімі 7 жасар оқушы қыздың қарсыласқанына қарамастан денесіне қол жүгіртіп, әдепсіз әрекеттер жасаған.

Оқушыға қатысты құқыққа қайшы әрекет болғанын Шымкент қалалық білім басқармасы растады.

Ведомство мәліметінше, аталған жағдай «Нұртас» жекеменшік мектебінде болған.

— Кәмелетке толмаған қыз балаға информатика пәнінің мұғалімі тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды, — деп мәлімдеді ведомство.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған қызға қатысты тиісу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр, — делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынып жатыр.

— Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, — деп нақтылады полиция департаменті.

Бұдан бұрын Түркістан облысында 15 жастағы қызды зорлаған зейнеткер сотталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум