Шымкентте полиция басқармасының бұрынғы бастығы пара алғаны үшін сотталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Сот полицияның жоғары лауазымды қызметкерін пара алу ісі бойынша кінәлі деп таныды. Нұржан Тілеуов бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағы қайтарылып алынды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте полиция басқармасының бұрынғы бастығы пара алғаны үшін сотталды
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Тұран ауданы полиция басқармасының бұрынғы бастығына қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды. Айыпталушылар орындығында Нұржан Тілеуов отырды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара алды деп айыпталған.

Сот анықтағандай, Шымкент қаласы полиция департаментінде басшылық қызмет атқара отырып, Тілеуов өзі басқарған бөлімшенің өндірісіндегі қылмыстық іс аясында қызметтік өкілеттігін пайдаланған.

Шымкентте полиция басқармасының бұрынғы бастығы пара алғаны үшін сотталды
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

Азамат А.-ға қатысты қылмыстың саралануын жеңілдету үшін ол 6 миллион теңге алған.

— Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен толық дәлелденді, — деді үкімді жариялау кезінде судья Айнель Орақбаева.

Шымкентте полиция басқармасының бұрынғы бастығы пара алғаны үшін сотталды
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

Мемлекеттік айыптаушы алты жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұраған. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, жауап беруден бас тартты және соттан ақтау үкімін шығаруды өтінді.

Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екенін, ал ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған антты бұзуды атап өтті.

Экс-начальника районной полиции Шымкента приговорили к шести годам за взятку
Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

Нәтижесінде Нұржан Тілеуов кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес, ол арнаулы атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, аудандық полиция басқармасының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастаған. Ол кезде адвокат Талғат Есімов Шымкент тәжірибесінде аудандық полиция басқармасының басшысын ұстау бұрын-соңды болмаған жағдай екенін және бұл ҰҚК жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының жаңа деңгейін көрсететінін атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар