Шымкентте сапасыз салынған 170 млн теңгенің жол жабыны қайта төселді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – 2025 жылы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы қала аумағындағы құрылыс нысандарына 620 рет шығып, сараптама жүргізді. Нәтижесінде 65 кемшілік анықталды.

жол құрылысы
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сараптама барысында 1216 жол-құрылыс материалы іріктеліп алынды. Оның 786-сы талапқа сәйкес келсе, 430 сынама нормативтік талаптарға сай болмады.

– Стандартқа сай келмейтін жол-құрылыс материалдары бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда анықталған ақауларға байланысты 3 мердігер ұйымға және 2 техникалық қадағалаушыға 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бір маманның аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар 170 млн теңгенің жол жабыны мердігер есебінен қайта төселді, – деді филиал директорының міндетін атқарушы Лутфулла Кенжаев. 

Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінде Шымкент қаласындағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95 пайызға жеткен.

Бұдан бұрын Шымкентте екі көшенің қиылысында асфальт опырылып қалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар