13:18, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Шымкентте шұңқырдан 7 жастағы баланың денесі табылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Оқиға «Тұран-1» мөлтекауданында болды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқыр көпқабатты үйлерге арналған септик үшін бірнеше жыл бұрын қазылған. Кейін құрылыс тоқтаған сәтте, беті ашық күйінде қараусыз қалған. Оның тереңдігі 2, ұзындығы 50 метрге жуық.
Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
— Полиция өлімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте полиция қызметкерін көлігімен сүйреп кеткен жүргізуші 7 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.