Шымкенттегі Бадам өзені жағасында құм мен қиыршық тас заңсыз өндіріліп келген

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда экскаваторлардың жұмыс істеп жатқанын және ауыр жүк көліктерінің құмды құрылыс алаңына қарай тасып жатқанын көруге болады.

Песок и гравий незаконно добывают на берегах реки Бадам в Шымкенте
Фото: Видеодан скрин

Шымкент қалалық экология департаментінің мәліметінше, бейнежазбалар құқық қорғау органдарына жолданып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 332-бабы («Жер қойнауын қорғау ережелерін бұзу») және 334-бабы («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») бойынша беймәлім тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде талап қойылған.

— Тергеу барысында белгісіз тұлғалардың Бадам өзенінің солтүстік және оңтүстік жағалауларында, Шардара көшесінің бойында құм мен қиыршық тас қоспасын өндіргені анықталды. Материалдар жүк көліктеріне тиеліп, Абай ауданы Ынтымақ шағынауданындағы Әл-Фараби көшесіндегі жер учаскесіне тасылған. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген қалалық прокуратура ақпаратында.

Әкімдік мәліметінше, аталған материалдар жеткізілген жер учаскесі жеке кәсіпкерге тиесілі және оған жерге мемлекеттік акт берілген. Алайда бұл құжатта тек балық шаруашылығын жүргізуге рұқсат көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға құқық берілмеген. Осыған байланысты учаскені пайдалану құқығын қайта қарау немесе оны тоқтату мәселесі туындауы мүмкін.

Қазіргі таңда Шымкент аумағында ресми түрде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушы бар. Қала республикалық маңызға ие мәртебе алғаннан кейін тағы 24 компанияның лицензиялары қайтарылып алынған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар