Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы сот шешімімен бұзылады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Кейінгі жылдары саябақта шыққан өрт салдарынан екі студент пен бір ер адам қайтыс болған.

Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы сот шешімімен бұзылатын болды
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі

2011 жылы ЖШС Шымкент қаласының орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған. Алайда, жалға алушы балалар орталығын құру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың орнына «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағын орналастырған. Содан жергіліктің әкімдік ЖШС-тің жалдау шартының талаптарын бұзғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. 

– МАЭС-ы және апелляция ЖШС-ны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді. Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкім саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды ЖШС есебінен бұзып, жер телімін бұрынғы қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген, - делінген Қазақстан Республикасы Жоғары сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

мШымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағы сот шешімімен бұзылады
Фото: Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі

Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған. 

– Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану фактісін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 га жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот ақпаратында. 

Айта кетейік, бүгін Шымкентте жоғалған үш адамның бірінің денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар