Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында заңсыз салынған ғимараттарды бұзу басталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Жер ресурстары департаментінің арызы қанағаттандырылды, шешім заңды күшіне енді.

Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында заңсыз салынған ғимараттарды бұзу басталды
Фото: видеодан алынған кадр

Мамандандырылған экономикалық соттың шешімі бойынша заңсыз салынған ғимараттарды бұзу жұмыстары ауыр техниканың көмегімен жүргізіліп жатыр.

Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында заңсыз салынған ғимараттарды бұзу басталды
Фото: видеодан алынған кадр

Республика даңғылы 9 мекенжайындағы учаске бастапқыда жасыл желек егетін аймақ ретінде белгіленген болатын. Алайда 2011 жылдан бастап 4 гектар жер жалға берілгеннен кейін, уәде етілген балалар орталығының орнына коммерциялық аттракциондар паркі пайда болды.

Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында заңсыз салынған ғимараттарды бұзу басталды
Фото: видеодан алынған кадр

Әкімдік мәліметінше, жалға алушы шарт талаптарын бұзған.

— Сот орындаушылары меншік иелерін тоғыз іргелі құрылысты өз қаражатына бұзу қажеттігі туралы хабардар еткен. Бұл талап орындалмағандықтан сот міндетті түрде ғимараттарды бұзып, жерді бастапқы күйінде мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында заңсыз салынған ғимараттарды бұзу басталды
Фото: видеодан алынған кадр

Ғимараттар бұзылып жатқан кезде кейбір жалға алушылар мен кәсіп иелері жұмысқа кедергі жасамақ болып, өздерінің жұмыс орындарын жоғалтамыз деп шу көтерді. Дегенмен, қарсылықтарға қарамастан, бұзу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі Конгресс-холл кешеніне «Қызғалдақ» деген атау берілгенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар