13:45, 28 Тамыз 2025 | GMT +5
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автокөтергіш аударылып, екі адам қаза тапты
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қайғылы жағдай оқшаулау жұмыстары кезінде болды. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Оқиға 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында болды. «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы оқшаулау жұмыстары барысында автокөтергіш аударылды. Оқиға салдарынан мердігер компания «КРС Астана» ЖШС-нің екі оқшаулаушы жұмысшысы қаза тапты.
— «ПКОП» ЖШС басшылығы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — деп хабарлады «PetroKazakhstan Oil Products» компаниясының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұдан бұрын экстремистік әрекеттерді насихаттаған шымкенттік 8 жыл 6 айға сотталғанын жазған болатынбыз.