Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Құстардың соқтығысып қалуынан ұшақтың бөлшегі зақымдалды. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

— «Шымкент — Астана» әуе рейсі қонған кезде ұшақпен құстар соқтығысып қалды. Ұшақтың зақымдалған бөлшегін ауыстыруға байланысты, күту керектігін ескерте отырып, «Астана — Шымкент» бағыты бойынша ұшуы тиіс жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтылды, — делінген хабарламада.

Осы орайда аталған әуе компаниясы басты басымдық — жолаушылардың қауіпсіздігі екенін хабарлап отыр.

— Компания құстардың ұшу бағытына әсер ете алмайды, сондықтан осындай жағдайда рейс кестесінің өзгеруіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — дейді әуе компаниясынан.

Айта кетсек, құстардың кесірінен ұшақтың қайта қонуы, кешігуі болып тұратын жайт. Бірнеше жыл бұрын Атыраудан елордаға бағыт алған ұшақ құстардың кесірінен әуежайға қайта қонған еді

Одан бөлек, Алматыдан елордаға бет алған ұшақ қозғалтқышына құстар түскен

Соңғы жаңалықтар