Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – 15 желтоқсаннан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағытында жаңа әуе рейсін іске қоспақшы. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті. 

Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты іске қосылады
Фото: Pexels

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

— 15 желтоқсаннан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент — Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады, — делінген хабарламада.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейсі ашылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар