Шымкенттік тұрғын виртуалды нөмірлерді пайдаланып алаяқтықпен айналысқан
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қылмыстық схема тоқтатылды.

Екі жалдамалы пәтерді тексеру барысында 32-арналы екі SIM-box құрылғысы мен өзге де жабдықтар табылып, тәркіленді. Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Қаскөй мессенджер арқылы алған нұсқауларға сәйкес әрекет еткен.
Полиция мұндай құрылғыларды заңсыз пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
— Прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚКД-мен бірлесіп, «Қазақтелеком» АҚ-мен меморандум шеңберінде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде SIM-box пайдалану арқылы жасалған заңсыз әрекеттер анықталып, жолы кесілді. Виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған құрылғы арқылы ел аумағында алаяқтық жайттары жүзеге асырылған, — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте SOS батырмалары көбейгенін жазған болатынбыз.