Шымкенттік келіншек сатуға дайындап қойған 20 пакет мефедронмен ұсталды

есірткі
Фото: Түркістан облысы ПД

Шымкент тұрғынынан сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Күдікті келіншекті Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласынан ұстады.

Тексеру кезінде оның сырт киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 пакет табылды.

Ал үйін тінту барысында синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 2 пакет және электронды таразы мен басқа да айғақтар тәркіленді.

мефедрон
Фото: Түркістан облысы ПД

Зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат — салмағы 20 грамнан асатын «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты.

«Аталған жайт ҚР ҚК 297-бабы бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды. Күдікті қамауда» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар